jasqazaq.kz

Аудан әкімінің орынбасарын атып кетті

24 қазан 2018, 11:20

Түркістан облысындағы Төле би ауданы әкімінің орынбасарын белгісіз біреулер атып кетті.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзованың хабарлауынша, оқиға орнында полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Күдіктілер іздестірілуде. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

«Соталды тергеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктілердің тұлғасын анықтау және оларды ұстау жұмыстарын жүргізіп жатыр», — дейді Салтанат Қаракөзова.

Жарақат алған әйелге медициналық көмек көрсетілген.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан он шақты күн бұрын Шымкентте кәмелетке толмаған бозбалалардың төбелесі кісі өлімімен аяқталған болатын.

Көшеде екі топ бозбала өзара ерегісіп, кикілжің туындаған. Төбелесе кеткен қос тарап кім мықтыны анықтамақ болған көрінеді. Жаппай төбелес кезінде бозбалалардың бірі шолақ мылтықпен құрдасын атып жіберген. Жарақат алған жас жігіт ауруханаға жетпестен, жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде