
Республикалық маңызы бар Самара-Шымкент тас жолында көлік қозғалысы тоқтады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр мен қар, тұман, көктайғақ) Самара-Шымкент республикалық тас жолында көлік қозғалысы жабылды.
«ҚазАвтоЖол» АҚ ЗКОФ мәліметінше, жолдың Теректі ауданы Подстепное ауылынан Сырым ауданының Жымпиты ауылына дейінгі бөлігі көліктің барлық түрі үшін жабық.