jasqazaq.kz

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

02 сәуiр 2019, 17:33

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

3 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Күннің екінші жартысында Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің қарқыны 15-20, түнде 25 м/с дейін күшейеді. Түркістан қаласында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Осы күні Шымкент қаласында таңертең және күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жылдамдығы15-20 м/с болатын жел соғады. 3 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, шығыстан жел соғады. Жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Қостанай қаласында күндіз шығыстан жел тұрып, секундына 15-20 м/с болады деп болжанып отыр. 3 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Ақтау қаласында батыстан, солтүстік-батыстан 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда