jasqazaq.kz

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

24 ақпан 2020, 17:25

Қазақстанның 4 облысы мен елордада ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап. 26 ақпандаАқтөбе облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, солтүстік-батыстан, батыстан жел 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 25 ақпанда ауа температурасы 0-5, кей жерлерде 8 жылыға дейін жоғарылайды. 26 ақпанда Қостанай облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, солтүстік-батыстан, батыстан жел 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 26 ақпанда ауа температурасы 2 аяз-3 жылыға дейін жоғарылайды. Күндіз 26 ақпанда Қарағанды, күндіз 26, түнде 27 ақпанда Солтүстік-Қазақстан, Ақмола облыстарында, 27 ақпанда Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде) күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, 26 ақпанда кей жерлерде күші 15-20 м/с, 27 ақпанда 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, күндіз 26 ақпанда ауа температурасы 0-5 жылыға дейін жоғарылайды. 25 ақпанда Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен соғатын желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/скүтіледі. 26 ақпанда күндіз, 27 ақпанда тәулік бойы жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, 26 ақпанда күннің екінші жартысында күші 15-20 м/с, 27 ақпанда 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз 26 ақпанда ауа температурасы 2-4 жылыға дейін жоғарылайды. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия