Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
ҚазАқпарат хабарлағандай, 6 тамызда Қостанай облысында кей жерлерінде найзағай, оңтүстік шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерінде бұршақ күтіледі. Сол күні Қостанай қаласында оңтүстік шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, екпіні 18 м/с күтіледі. 6 тамызда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. 6-7 тамызда күндіз өңірдің кей жерлерінде 41-43 градус қатты ыстық күтіледі. Сол күні Түркістан қаласында күндіз 41-43 градус қатты ыстық күтіледі. 6 тамызда күндіз Қызылорда облысында солтүстік шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетіп, шаңды дауылға айналуы ықтимал. Күндіз 42°С қатты ыстық күтіледі. Еске сала кетсек, сейсенбіде СҚО-да күшті жел соғып, бұршақ жауады.