
Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның төрт облысында ескерту жарияланды. Бұл туралы«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
27-28 қазан күндері Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан күшті жел соғады, жел екпіні 23-28 м/с жетеді.
27-28 қазан Петропавл қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші — 15-20 м/с, екпіні — 23-28 м/с.
27 қазанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні т үнде кей жерлерде — 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде — 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с дейін күшейеді . 28 казанда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Желдің күші 23-28 м/с болады.
Көкшетау қаласында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с.
28 қазанда Қостанай облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 23-28 м/с жетеді.
Осы күні Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады. Епіні 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал.
28 қазанда Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің қарқыны кей жерлерде 25 м/с жетеді.
28 қазан күндіз Семей қаласында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.