jasqazaq.kz

Ауа райы: 4 облыста ескерту жарияланды

13 қантар 2021, 18:05

«Қазгидромет» РМК ауа райының құбылуына байланысты 4 облыста ескерту жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

14 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с болады.

Орал қаласында 14 қаңтар күні тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, екпіні 18 м/с.

Түнде 14 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, ауа температурасы 28-33 градусқа дейін төмендейді.

14 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде 33-38 градус аязға дейін төмендейді.

Петропавл қаласында түнде 14 қаңтарда ауа температурасы 35-37 градусқа дейін төмендейді.

14 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Қызылорда қаласында 14 қаңтарда күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия