jasqazaq.kz

Атышулы Назар Роллан тағы не бүлдірді?

29 қазан 2019, 16:06

Әл-Фараби даңғылында жол қозғалысы ережесін бірнеше рет өрескел бұзғаны үшін жазаланған алматылық Назар Роллан Porsche көлігін мас күйде жүргізген. Бұл туралы Теngrinews.kz хабарлады.

Достық даңғылының бойымен келе жатқанда оны жол-патрульдік полициясы Абай даңғылымен қиылысқан тұста тоқтатқан. Көлік жүргізу құқығынан айырылған Назар Роллан автокөлікті жеңіл түрде мас бола тұра көлік жүргізген. Кейін Назар Ролланның ісі сотта қаралып, ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 6-бөлігі («Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру») бойынша жауапкершілікке тартылды. «Ол өз кінәсін толықтай мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді. Сот үкімімен Роллан 20 тәулікке қамалды. Сот үкімі заңды күшіне енді», — деді қалалық сот баспасөз қызметінің өкілдері. Назар Роллан жол қозғалысы ережелерін бұзып, оны видеоға түсіріп, Instagram желісіне жүктеген. Ол алты айға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді