jasqazaq.kz

Атышулы Ақбота Баян Мақсатқызының өзін кешіргенін айтты

23 желтоқсан 2017, 15:53

Баян Мақсатқызы жаңа туындысының тұсауын кесті. Мәңгілік махаббатқа арналған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» сериалының көрсетіліміне атышулы Ақбота Сейтмағанбет келді. Ұстазын кезекті жаңа туындысымен құттықтаған Кешьюдің экс әншісі бұрынғы продюсерімен татуласқандарын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

«Мен бүгін Баян Мақсатқызын, басты рөлді сомдаған Ержанды және барлық «Shine» продакшнді құттықтауға арнайы келдім», — деп сөзін бастады Ақбота.

Әнші сонымен қатар бұрынғы продюсерімен қазіргі қарым-қатынастары жайлы да сөз қозғады.

«Мен ол кісімен ұрысып кеткен жоқпын, арамызда кикілжің болған жоқ. Бірақ, Баян ханымның қоштаспай кеткенім үшін реніші болған. Аллаға шүкір, қазір жақсы. Мен ол кісіге хабарластым, бірге түсірілімдерге қатысып жүрміз», — деді.

Ақбота бұрынғы продюсері өзі жеке әнші ретінде жұмыс істеуге қайта шақырса, қарсы еместігін жеткізді. Арадағы үзілістен кейін Баян Мақсатқызы өзін жақсы қабылдағанын айтты. Продюссер Ақботаны балалы болғанымен құттықтап, ақыл-кеңестерімен бөліскен.

«Мен саған ренжіген жоқпын, сен де жас болдың, мен сені түсінемін. Алға қарай ұмтылу керек және ең бастысы «Shine» продакшн сенің екінші үйің екенін ұмытпа!»,- деген Баян.

Сөз соңында Ақбота өзінің Баян ханымның «Shine» продакшн сенің екінші – үйің!»,- деген сөзіне ерекше қуанып жүргенін жеткізді.

Еске салсақ, Дәурен Айдарқұловпен түсірілім алаңындағы махаббаттан кейін, Ақбота Сейітмағанбет «Кешью» тобынан емханада жатқан продюсеріне бір ауыз сөз айтпай, кетіп қалған болатын. БАҚ беттеріне берген сұхбатында әнші бұл қылығы үшін Баяннан ұялып жүргеніне жеткізген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде