jasqazaq.kz

Атыс ұйымдастырған 20 адам ұсталды

21 қазан 2020, 15:22

Оралда полиция қызметкерлері атысқа қатысқан 20 адамды ұстады, — деп хабарлайды «Мой город».

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, 20 қазанда сағат 22.10-де 102 пультіне Шолохов көшесіндегі VenОil жанармай құю станциясында белгісіз біреулер атыс ұйымдастырғаны туралы хабар түскен.

«Оқиға орнына жақын маңдағы полиция жасағы дереу жіберілді. Жедел іздестіру шарасы барысында Орал қаласы полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаға қатысқан бір күдіктіден басқа барлық қатысушыны ұстады. Атысқа қатысқан 20 адам ұсталды. Оның біреуі оқ атқан. Қазіргі таңда оларды уақытша ұстау изоляторына орналастыру және күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәлімет жарияланбайды», — дейді ресми өкіл.

Сондай-ақ, Болатбек Белгібеков бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.

Айта кетейік, Оралда 20 қазанда атыс болған. Салдарынан 24 жастағы ер адам жарақат алған. Қазіргі таңда ол ауруханадағы жансақтау бөлімінде жатыр. Атыс болған сәт видеорегистраторға түсіп қалған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия