jasqazaq.kz

Атыраулықтар қырылған балыққа қарық болды (Видео)

03 мамыр 2021, 22:34

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Зелло Атырау (@zello_atyrau_region)

Атырау облысында балық қырылып жатыр. Уылдырық шашуға шыққан су маржандары Жайыққа кері жете алмай қалған. Көл бетінде тайдай тулап жатқан балықтардың қызығын енді тұрғындар көріп жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бұл бейнежазба кеше түстен кейін әлеуметтік желіде тараған. Тегін балыққа телмірген жұрт бірден қала іргесіндегі көлге ағыла бастады. Дорбасын арқалап, дедек қағып жүргендердің дені қала тұрғындары.

Альбина Бектібаева, Атырау қаласының тұрғыны:

— Негізі бұндайды бірінші рет көріп тұрмын. Фейсбуктен осы жердегі балық қырылғаны, обал болады, алып кетіңдер деген нәрсені естідік. Таңертең дайындалып шықтық. Сағат 7-де тұрып, заттардың бәрін жинап келдік. Балықтың өліп қалмаудың жағдайы ғой.

Таяз суды сағалаған балықтар үш күннен бері арық арқылы Безымянный көліне шүпірлеп ағылып жатыр. Биыл су аз болғандықтан өзенге кері жете алмаған. Ал тұрғындардың айтуынша, кеше ғана бойына жан біте бастаған көлдің құрғап жатқанына бірнеше жыл болған.

Төлеп Ертілеуов, Атырау қаласының тұрғыны:

— Балық қырылып жатыр. Халықтың бәріне айту керек қой, жинау керек. 18-дің көлі деген көл бар. Осы көлге құйса, әйтеуір балық тірі қалады ғой. Мына жерде шашылып жатыр. Халық шетінен алып жатыр. Жайықтан уылдырық шашуға келген балықтар ғой.

Өлі балықтың көптігі сонша, су бетін түгел жауып тастаған. Ал өлексенің жартысынан көбі жағада шашылып жатыр. Осы маңайды мекендеген ауыл тұрғындары мен қаладан қаптарын арқалап жеткен жұрт тірі балықтарды үйіне жинап әкетуде. Ең обалы, су маржандарының басым көпшілігі уылдырық шашып үлгермей жатыр. Облыстағы балық шаруашылығы басқармасының сөзіне сенсек, су жәндігінің 3 мың тоннасы өзенге жіберіліп, жарты тоннаға жуық өлексе көміліпті. Қазір қайраңда қалған балықты құтқару жұмысы әлі жүріп жатыр. Ал канал темір тормен жабылды. Балықтың көлге өтуі тоқтатылды.

Нұрлыбек Гасин, Жайық-Каспий облысаралық бассейін балық шаруашылығы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы:

— Қорқатын ештеңе жоқ. Бұдан басқа тағы да жоғарды көлдер бар. Қызылжар көліміз бар. Толық қадағалап отырмыз. 8 ауыл деген көл бар. Бұған кіре алмаған балық соған кіріп уылдырығын шашады. Қазір бөгейміз. Бөгет болған соң қалған балықты, бойындағы балықты, тірісін құтқарып қалғанын Жайыққа қайтадан жіберу жұмысын істейміз.

Көлге келіп быжынаған балықты жапа-тармағай қолмен аулап жатқандар толастамай тұр. Ескертуге құлақ аспайтын тұрғындарды жергілікті әкімдік жауапқа тартып, айыппұл саламыз деп отыр. Уылдырық шашуға келген балықтарды аулауға тыйым салынған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия