jasqazaq.kz

Атыраулық полицейлер мас жүргізушінің көлігінен қару тапты

05 сәуiр 2022, 17:52

Атыраулық полицейлер мас жүргізушінің көлігінен қару тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 сәуір күні сағат 12:40 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Атырау қаласына қарасты мөлтек аудандардың бірінен Chevrolet Cobalt автокөлігін тоқтатқан. Аталған көліктің 43 жастағы жүргізушісін тексеру барысында оның мас күйде екендігін, сонымен қатар көліктің артқы орындығында белгісіз қару жатқандығын анықтаған. Аталған азамат медициналық куәландыру нәтижесінде, “орта дәрежелі” мас күйде екендігі расталып, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөліміне (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) сәйкес әкімшілік іс-құжаттар жинақталып, әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған сотқа жолданды. Тиісті құжаттары жоқ пневматикалық винтовка тексеру үшін жедел-тергеу тобына тапсырылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде