jasqazaq.kz

Атыраулық оқушылар STEAM дағдыларын үйренуде

15 қыркүйек 2022, 10:58

x
14 қыркүйек күні Абай орталығы базасындағы JasSpace кеңістігінде «Ашық есік күні» өтті. Шара аясында оқушылар STEAM курстарының кең мүмкіндіктерімен танысып, шеберлік сабақтарына қатыса алды. Іс-шара «Шеврон» компаниясының қолдауымен Орталық Азияның Еуразия Қоры жүзеге асырып жатқан «Jasspace: Атырау қаласының жастарын дамыту бастамасы» жобасы аясында өтті.

Іс-шараға Атырау облысы білім беру басқармасының, Атырау қаласы білім бөлімінің басшылығы, мектеп директорлары, оқушылар мен журналистер қатысты.

Жоба үйлестірушілері келушілерді оқу кеңістігімен таныстырды, сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдердің мүмкіндігін дамыту үшін өткізіліп жатқан ғылым, технология, инженерия, өнер және математика кіріктірілген STEAM бағытындағы курстар туралы ақпарат берді.
Шара аясында оқушылар түрлі шеберлік сағаттарына қатысты. Биология курсы бойынша өткен шеберлік сағатында оқушылар физикалық белсенділікке дейінгі және физикалық белсенділіктен кейінгі адамның тыныс алуындағы өзгерістерді зерттеді. Анатомия курсы бойынша өткен шеберлік сағатында оқушылар адам ағзаларының жүйелерін модельдеу әдістері туралы кеңірек ақпарат алды. Сонымен қатар, оқушылар барлық жастағы адамдар үшін мүлдем қауіпсіз болып табылатын UNIMAT станогын қолдана отырып, фанерадан әртүрлі фигураларды жасау әдістеріне куә болды.

Еске сала кетейік, JasSpace кеңістігінде 12 қыркүйектен бастап Arduino-да бағдарламалау, 3D модельдеу және басып шығару, экология, химия, анатомия, ағашпен жұмыс бойынша курстар өтуде. Оқу барысында оқушылар өздерінің инновациялық жобаларын жүзеге асыруға және кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады.

Steam дағдыларын арттыру курстары 7-11 сынып оқушылары үшін JasSpace кеңістігінде тұрақты негізде өтеді. Сабақтар жұмыс күндері түскі дейін және одан кейін өткізіледі.

Курстарға тіркелу @aydi.kz Instagram парақшасында онлайн форматта жүруде және ол жыл бойы жалғасады.

Әр курстың легіне 40 оқушы қабылданады, ал әр лектің оқу мерзімінің ұзақтығы — 1 ай.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық