jasqazaq.kz

Атыраулық келіншек манты сатып, байыған

13 тамыз 2018, 16:06

Атыраулық келіншек күйеуімен ажырасқаннан кейін манты сатып, өз күшімен аяққа тұрған. Бүгінде үйі және тұрақты жұмысы бар ол желіде жан сырымен бөлісті.
NUR.KZ. жазғандай, 19 жасында жастықтың буымен өзінен бес жас үлкен адамға күйеуге шыққан келіншек желіде өз оқиғасымен бөлісті. Ол тұрмыс құрғаннан кейін оқуын сырттай бітіріп, екі баланы дүниеге әкелген. Отбасылы болғандарына төрт жыл өткен соң жолдасы аяқ астынан арақ ішуді, темекі шегуді бастайды. Тіпті, бірлесіп жинаған дүние-мүліктің барлығын араққа айырбастап жібереді.

«Мен шыдай алмай, балаларымды алып үйіме кетіп қалдым. Анам зейнет жасында еді, екі баламды бір жарым жыл бойы жалғыз өзі қарады. Мен Астанаға барып жұмыс істедім», — деп жазады ол.  Келіншек алғашқы айлығына мантоварка сатып алады да, тапсырыс қабылдап, манты сата бастайды. Осылайша бір жылдан соң Астанадан екі бөлмелі үй алып, тұрақты жұмысқа орналасып, балаларын балабақшаға бере алатындай жағдайға жеткен.

«Мен үшін сенбі, жексенбі деген күндер болмады. Барынша көп жұмыс істедім, тіпті, бір жылдың ішінде екі есе салмақ тастадым. Балаларымды қзақ уақыт көрмедім», — дейді келіншек.

Айтуынша ол бүгінде тұрақты жұмыс істейді, дегенмен, әлі күнге дейін мантыға тапсырыс қабылдауды тоқтатпаған. «Әлі күнге дейін манты сатамын, бір түнде 5-6 кг түйемін. Балаларым да көмектеседі. Бұрынғы енем де көмектесіп тұрады. Ал күйеуім болса, мүлде өзгермеді», — деп сөзін аяқтады. Келіншектің жазбасына желі қолданушылары қолдау білдіріп, оның ынта-жігеріне тәнті болды.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді