jasqazaq.kz

Атыраулық бойжеткен көпірден секірмек болды (видео)

09 тамыз 2018, 10:18

Бойжеткен Жилгородок және Авангард ықшам аудандарын біріктіретін көпірден секіріп, өзіне қол жұмсағысы келген. Бұл туралы Атырау облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жазатайым оқиға өткен демалыс күндері орын ала жаздаған. Атырау қаласындағы ІІБ, Жедел басқару орталығының инспекторы Айсұлу Әбілқасованың айтуы бойынша, ол кезекшілікпен өз аймағын тексеріп жүргенде көпірде тұрған қыздың іс-қимылын ерсі көреді.

“Патруль бригадасы бойжеткенге жетемін дегенше ол көпірдің таянышына өтіп үлгерген. “Батыс-18″ экипажы көпірге санаулы минуттарда жетті. Оның Азамат Тілепқалиев және Бекжан Мырзағалиев есімді қызметкерлері қызды құтқаруға ұмтылды. Бірақ олар қызды қаншама құтқарғылары келсе де, бойжеткен өмірімен қош айтыспақ болған”, — дейді ІІД-нің баспасөз-хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Осының барлығын көріп, полиция қызметкерлеріне көмектесу үшін екі азамат келген. Кіші лейтенант Азамат Тілепқалиевтің ықпалымен жігіттердің біреуі көпірдің таянышына өтіп, қызды жұмылған күштің арқасында құтқара алды.

“Маған көпірде тұрған патруль көлігінің кенеттен жүріп кеткендігі біртүрлі көрінді. Полиция қызметкерлерінің соңынан ердім, сосын көпірден секіргісі келіп тұрған қызды көрдім. Басында біз сасып қалдық, сосын бойжеткенді құтқаруға көмектестік”, — дейді Сағынжан Ғиззатуллин есімді азамат.

” Мен жақсы жүземін. Сондықтан көпірдің таянышына қиындықсыз өттім. Полиция қызметкерлері жақсы жұмыс жасады. Маған бірнәрсе болып қалса, олардың мені құтқарып үлгеретініне сендім. Ақырында барлығы жақсы аяқталды”, — дейді Амантай Илиев есімді қазақстандық.

7 тамыз күні екі азаматты Атыраулық ІІД ерліктері үшін марапаттады. Екі жігіт осы оқиға кезінде жұмыстарына, кешкі кезекшілікке бара жатқан.

https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=MniHEyYWyQE

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде