jasqazaq.kz

Атыраудағы жағдайға байланысты жаңа мәлімет

02 шiлде 2019, 11:20


Теңіздегі тәртіпсіздіктердің салдарынан 45 адам медициналық көмекке жүгінді. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді.
Атыраудағы тәртіпсіздік: Энергетика министрлігі зардап шеккендерге қатысты жаңа мәлімет айтты.   «Тұтастай алғанда, әртүрлі сандар бар екендігін естіп жатырмын бүгінгі күні. «Теңізшевройлдың» мәліметінше, 45 адам алғашқы медициналық көмекке жүгінді. Олар негізінен ССЕР компаниясы қызметкерлері, олардың ішінде компанияның басқа да қызметкерлері бар, төрт қазақстандық бар», — деді Досмұхамбетов.

Айтуынша, 45 зардап шеккендердің 22-іне медициналық көмек қажет болды. Оларды Атырауға алып кетті.

«Кеше кешке дейін ауруханада бірде-бір адам қалған жоқ. Бәрі қажетті көмекті алды. Ұзақ уақыттық емді қажет ететін елеулі жарақаттар болмады. Бәрінің жағдайы жақсы, менің білуімше», — деді вице-министр.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың 29 маусымы күні сағат 11:00 шамасында «Тенгизшевройл» вахталық шағын ауданында Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР) компаниясының қызметкерлері жұмыс учаскесіне шығып, наразылық білдірді. Оқиға орнына тиісті органдар мен әкімдер барды. Кейін көтерілістің жұмыс теңсіздігіне байланысты туындағаны белгілі болды.

stan.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда