jasqazaq.kz

Атыраудағы түрме бастығының үстінен қылмыстық іс қозғалды

13 ақпан 2020, 12:04

Атырау облысындағы УГ-157/11 түзеу мекемесінің бастығы мен бас бухгалтеріне қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«ҰҚК департаменті Атырау облысының прокуратурасымен бірлесіп, облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаменті УГ-157/11 түзеу мекемесінің бастығы мен бас бухгалтеріне қатысты ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 1, 2, 4-тармақтары («Пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Олар 2019 жыл үшін сыйлықақы мен көтермелеу төлемдерінің бір бөлігін бірнеше мәрте алу фактісі бойынша тергелуде», — делінген хабарламада. Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты ұсталғандарға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады. Дәлелдеме базасын бекіту бойынша тергеу іс-шаралары жалғасуда. ҚР ҚІК 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия