jasqazaq.kz

Атыраудағы «Теңіз» кен алаңында 58 адам коронавирус жұқтырған

27 сәуiр 2020, 16:48

Атыраудағы «Теңіз» кен алаңында коронавирус індетін жұқтырғандар саны 58-ге жетті.

Осыған орай мұнай өнеркәсібіне қатысы жоқ жұмысшыларды жаппай эвакуациялау басталды. Бүгінде еліміздің өзге өңірлерінен келгендер пойызбен және ұшақпен үйлеріне қайтарылып жатыр. Олар жұмыс орнынан шығарда COVID-19 ауруына арналған жедел тестілеуден өткізіледі. Жұқпалы індетке байланысты Теңіз кенішінен 17 мың жұмысшы қысқаруы тиіс еді. Оның 7 мыңы жергілікті азаматтар. Жұмысшыларды орналастыру және тасымал шығындарын жұмыс беруші мекеме көтеріп алды. Үйлеріне қайтарылған азаматтар өздері тұратын мекенжай бойынша дәрігерлердің бақылауында болады.

Гүлнәфис Таңбаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

— Үй карантиндегілер Атырау қаласындағы емханалар мен 7 аудандағы аурухана ішіндегі емхана медицина қызметкерлерінің бақылауында. Теңіздің басында бүгінгі күні Денсаулық сақтау басқарамасынан бөлінген 44 маман сол жерде жұмыс істеп жатыр. Теңіз кенішінде барлық мүмкіншіліктерді жасап, провизорлық карантиндік стационар ұйымдастырдық.

Хабар 24

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі