Атыраудағы химиялық зауыт аумағында өрт болды.
Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі. Біздің анықтама: бір кездері полипропилен шығарған кәсіпорынның жұмысы қазір тоқтап қалған. Бірақ оның аумағында бірнеше мұнай-химия зауыты, оттегі өндіретін цех бар. Химиялық комбинаттың аумағы Атырау ЖЭО мен зауыттың тікелей маңында орналасқан.
Дереккөзі: ҚазАқпарат