
Атырау облысында тасжолда жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Оқиға видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атырау облысы ТЖ департаментінің хабарлауынша, вахташыларды таситын автобус бейсенбі күні кешке Атырау-Доссор жол бөлігінде тұтанған. Салондағы жолаушылар көліктен шығып үлгерген, ешкім зардап шекпеген. Тілсіз жауды сөндіруге 11 құтқарушы мен 3 арнайы техника жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram