jasqazaq.kz

Атырауда жоғалып кеткен баланың денесі Жайықтан табылды

11 маусым 2020, 12:26

Атырауда жоғалып кеткен баланың денесі Жайықтан табылды.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін түнде сағат 01:56-де 11 жастағы баланың жоғалғаны туралы хабар түскен. Жоғалған бала Атырау қаласының маңындағы Еркінқала-2 кентінде тұрған. Ол кеше, кешкі сағат 18:00 шамасында із-түссіз жоғалған.

«Іздестіру кезінде бала тұрған ауданның барлық маңы тексеріліп, жергілікті тұрғындардан сұрастырылды. Жайық өзенінің жағасынан велосипед пен баланың заттары табылды. Ал, сағат 8:10-да департаменттің Жедел-құтқару жасағының 5 қызметкері, 1 техника, 1 кинологиялық құрам, 1 қайығымен Жайық өзені тексерілді. Өкінішке орай жоғалған баланың өлі денесі өзеннің суға түсуге жабдықталмаған жерінен табылды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі