jasqazaq.kz

Атырауда жеңгетайлықпен айналысқан әйел түрмеге қамалды

29 қазан 2020, 14:11

Атырауда бес жыл бұрын жеңгетайлық қызмет ұсынып, притон ұстаған әйел түрмеге қамалды.

Атырау қалалық пробация қызметінің мәліметінше, сотталған әйелдің екі баласы бар.

«Бұл әйел 2015 жылғы қыркүйекте Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ҚР Қылмыстық Кодексінің 309-бабымен (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) айыпты деп танылды. Оған бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған еді. Алайда сот оның кішкентай балалаларын ескеріп, жаза өтеу мерзімі бес жылға кейінге қалдырған болатын», -дейді Атырау қалалық пробация қызметінің инспекторы Айзере Даулетбаева.

Биыл сотталған азаматшаның жазасын өтеу мерзімінің шегерілген уақыты аяқталған. Осыған байланысты Атырау қалалық пробация қызметі сотталушының негізгі жазасы бойынша шешім қабылдау үшін Атырау қалалық №2 сотына ұсыным жолдады. Сот шешімімен азаматша УГ-157/9 (Атырау әйелдер колониясы) мекемесіне қамалды. Сотталған азаматшаның кәмелетке толмаған екі баласын туыстары өз қамқорлығына алды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия