jasqazaq.kz

Атырауда жарылыс жасаған азамат Түркиядан табылды

17 қазан 2018, 22:27

Лаңкестік әрекет жасады деген күдікке ілінген азамат Түркиядан Атырауға жеткізілді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Бас прокуратура қызметкерлері енді Елдос Күншығаровты қылмыстық жауапкершілікке тартпақ. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бас прокуратура таратқан мәліметке қарағанда, Күншығаровтың 2011 жылдың қазан айында Атырау қаласында болған лаңкестік әрекетке қатысы бар болуы мүмкін. Осы оқиғадан кейін күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған еді. Қазір ол Атырау қаласындағы тергеу абақтысында отыр. Енді сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталмақ. Естеріңізге сала кетейік, Елдос Күншығаров халықаралық лаңкестік ұйым қатарында Пәкістан мен Ауғанстан шекарасындағы Солтүстік Уәзірстан аймағында қарулы қақтығыстарға қатысуы мүмкін 9 күдіктінің бірі ретінде іздестірілген болатын. Бұған дейін олардың 3-уі ұсталып, алды 14 жылға, соңы 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылған. Қалған бесеуінің тағдыры әзірге белгісіз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде