jasqazaq.kz

Атырауда жанармай бекетіне шабуыл жасалды (видео)

14 қантар 2020, 12:39

Екі ер адам жанар-жағармай құю станциясын тонамақ болып, шабуыл жасады. Тәртіп сақшылары оларды ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды «Мой ГОРОД» порталы.

Жанар-жағармай бекетіне шабуыл тоғызыншы қаңтар күні шамамен сағат 6.00-де жасалған. Атырау облысы баспасөз қызметінің мәліметінше, С.Датов көшесінде орналасқан станцияға екі ер адам кірген. Олар бекет қызметкерлеріне күш көрсетіп, кассадан 268 мың теңгені ұрлап кеткен.

«Одан кейін оқиға орнынан қашып үлгерген. Дегенмен, полицейлер ізін суытпай қылмыстың бетін ашты. Ұсталғандар Жылыой ауданының 25 жастағы тұрғыны мен 24 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Олардан ақша мен басқа да заттай айғақтар табылды», — деп хабарлады полиция департаменті.

Құқық қорғаушылар аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 192-бабы, 2-тармағы — «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде