Атырау қаласындағы Лесхоз ықшам ауданында орналасқан жанар-жағар май құю станциясына қарақшылық шабуыл жасалды. Кассирді пышаққа ұқсас суық қарумен қорқытқан екеу одан 200 мың теңге ақшаны алып, бой тасалаған. Кейін жедел іздестіру нәтижесінде күдіктілер құрықталды. Бұл мұнайлы өңірде жыл басынан бері қарай тіркелген екінші оқиға. Өткен айда облыс орталығындағы Сырым Датов көшесі бойындағы жанар-жағармай құю станциясына да осындай шабуыл болған еді. Ол кезде екі қарақшы май құю бекетінің күзетшісін травматикалық пистолетпен қорқытып, кассадан 268 мың теңгенің алып кеткен. Олар да көп кешікпей ұсталды.
Гүлнәзира Мұхтарова, облыстық ПД баспасөз хатшысы:
— Соңғы оқиға бойынша Лесхоз ықшам ауданы және Көкарна селосының 18 және 23 жасар тұрғындары ұсталды. Күдіктелерден тоналған ақша қайтарылды, олар уақытша оқшаулау абақтысында қамақта отыр. қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталғандықтан басқа ақпарат таратуға жатпайды.