
Атырау қаласында тағы да Жайық өзенінің жағалауы жанып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық төтенше жағдайларлар департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растады. Жайық жағалауы маусым айы басталғалы бері 4 мәрте өртенді. Департаменттің диспетчерлік пультіне бүгін, 24 маусымда жергілікті уақытпен сағат 11:14-те Жайық өзенінің жағалауы өртенгені туралы хабар түскен. «Жайық өзенінің «Тұрғын үй қалашығы» шағынауданындағы жағалауында құрғақ бұталар мен қамыс қопасы өртенген. Қазір өрт сөндірушілер жалынды сөндіріп жатыр», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.