jasqazaq.kz

Атырауда заңсыз жүрген Ирландия азаматы елден шығарылды

01 маусым 2021, 14:48

Атырауға келген шетелдіктермен бірге Ирландия азаматы елден шығарылды, деп хабарлайды ҚазАпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Мигрант» жедел іс-шарасы кезінде көші-қон заңнамасын бұзудың 419 дерегін анықталған. «Оның ішінде 229 шетелдік ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 517-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сот шешімімен Өзбекстан Республикасының — 8, Ирландия елінің 1 азаматы Түркістан облысындағы Жібек жолы бақылау-өткізу бекеті арқылы елден шығарылды. Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ, дакто, фото есепке алуды қалыптастыру мен жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты Өзбекстанның 108 еңбек мигрантына жұмысқа алған рұқсаты кері қайтарылды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасының 3 азаматы құжатсыз жүргені анықталған. Көші-қон қызметкерлерінің көмегімен Қазақстан Республикасында орналасқан Өзбекстан Республикасының елшілігі арқылы олардың төлқұжаты қалпына келтіріліп, Қазақстан аумағынан сот шешімімен шығарылған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде