jasqazaq.kz

Атырауда вакцина алған соң өтірік шу шығарған шетелдікті емхана сотқа бермекші

16 шiлде 2021, 17:00

Атырауда коронавирусқа қарсы вакцина алғаннан кейін 22 жастағы Өзбекстан азаматының денсаулығының нашарлағаны өтірік болып шықты. Енді No3 емхананың әкімшілігі өздеріне жала жапқаны үшін оны сотқа бермекші, деп хабарлайды zakon.kz.

— ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабының 2-тармағы бойынша қорлағаны үшін, сондай-ақ жала жауып, жалған ақпарат таратқаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша іс қозғау шаралар алынды. Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл азамат аталған процедураларды бұзуға бағытталған заңсыз әрекеттер жасады. Мұны әдейі жасады, — деп «Ақ Жайық» басылымы №3 емхананың заңгері Гүлсім Сабированың сөзін келтіреді.
«Дина» базарындағы вакциналау пунктінде жұмыс істейтін №3 емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Айгүл Үсембаеваның айтуынша, жас жігіт екпе алуға ағасымен келген. Дәрігерлер дерекқордан ағасының аты-жөнін таппады. Олардың айтуынша, кейде жүйеде осындай ақаулар орын алады. Ол бұған ренжіп, дәрігерлерге тіл тигізіп, оларды біліксіз деп айыптай бастады. Бірақ ол вакцинаның екінші компонентін алды. Екпе алғаннан кейінгі тиесілі уақытты дәрігерлердің бақылауымен өткізді. Содан кейін ол өзі жұмыс істейтін бутик иесімен қайта келді.

— Екеулеп бізге айқайлай бастады. Ағасының базада неге жоқ екеніне наразы болып, қазір видео түсіреміз, содан кейін вакцина алуға пунктке ешкім келмейтін болады деп, әйел адам қоқан-лоқы жасады. Жұмыс аяғына қарай сыртта айқай-шу болып жатқанын естідік. Жүгіріп шықсақ, әлгі жас жігітті жедел жәрдем алып бара жатыр екен. Видеоны көріп, қатты таң қалдым. Егер жанама әсері байқалса, бірінші компоненттен кейін пайда болады, ол анағұрлым күштірек. Екінші компонентке бұл тән емес, — деп әңгімеледі Үсембаева.
Белгілі болғандай, жігіт облыстық ауруханаға жеткізілген, дәрігерлер тексеру кезінде жігіттің денсаулығында ешқандай проблема жоқ деп, үйіне жіберген.

— Видеоны көрген кез-келген медик мұның жалған екенін байқайды — нағыз ұстама басқаша көрінеді. Жігіт кілемде жатыр, басына да кілем жастанған, біреу әдейі жағдай жасағандай. Видео бірнеше секундқа созылады. Біз оны ғана емес, оның «көмекшілерін» де жауапқа тартпақпыз, — дейді №3 емхананың директоры Айман Өтегенова. — Осындай әрекеттер арқылы олар коронавирус инфекциясының алдын-алуға қатысты бүкіл жұмысымызды және вакцина ектіру қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарымызды жоққа шығарады. Адамдарды қорқытады. Ал қазір Атыраудағы стационарлар КВИ жұқтырған науқастарға толы, өлім-жітім де тіркелуде.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия