jasqazaq.kz

Атырауда түйелер қырылып жатыр

03 тамыз 2019, 17:56

Атырауда түйелердің қырылу себебін анықтап жатыр, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жануарлар Теңіз мұнай-газ кен орны орналасқан Жылыой ауданында қырылып жатыр. Аққызтоғай ауылында 10-нан астам жануар өлсе, кейін Құлсары аудан орталығындағы жеке қораларда түйелер қырыла бастаған. «Су мен шөптің сынамасы алынды, бірақ Атырау зертханасында ешқандай ауытқу табылмады. Қазіргі уақытта тағы да сынама, соның ішінде жануарлар жайылған жайлаулардан да сынамалар алынды», — деп хабарлады облыстық ветеринария басқармасының басшысы Азамат Айтқалиев. Еске салайық, көктемде Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде бір жарым мың қой жаппай қырылған еді. Олардың неден қырылғанын анықтау үшін бірнеше ай қажет болды. Кейін астаналық мамандар «шешек ауруы» деген диагноз қойды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде