jasqazaq.kz

Атырауда таксистерді қорқытып, ақша алып отырған діни ағым өкілдері ұсталды

13 шiлде 2021, 14:01

Атырауда деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

5 шілдеде ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті прокуратурамен және облыстық полиция департаментімен бірлесіп, спорттық орта өкілдері мен деструктивті діни ағымды ұстанушылардан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті. Топқа қатысушылар ұзақ уақыт бойы бағдарлық такси жүргізушілерінен («Атырау-Орал-Атырау») , оның ішінде күш қолданамыз деп қорқытып, ақшалай қаражат бопсалаған. ҰҚТ-ның 4 белсенді қатысушысы ұсталды.

Фигуранттардың және олардың жақын байланыстарының тұрғылықты жерінен 3 әртүрлі қару мен оларға оқ-дәрі, сондай-ақ олардың қылмыстық әрекетін растайтын құжаттық материалдар (чектер, журналдар, банк карточкалары) табылып, алынды.

Осы факт бойынша ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі (бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Топ жетекшісі тергеу изоляторына қамалды, қалғандары ешқайда кетпеу туралы міндеттеме алды. Тергеу шаралары жалғасуда.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия