jasqazaq.kz

Атырауда тағы да балық қырыла бастады

19 желтоқсан 2018, 22:44

Бұл жолы алабұға, торман, қылышбалық секілді қара балықтардың қырылу дерегі Жұмыскер және Геолог ықшам аудандары маңында тіркелген. Мамандар күдігінше, әлдекімдердің Жайық өзенін ластауды әлі тоқтатпаулары мүмкін. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қайратқали Хайрулла, Атырау облыстық экология департаменті бастығының орынбасары:

-Қазіргі кезде экология департаменті тарапынан жоспардан тыс тексерістер басталды. Бұл бірінші орында «Атырау Су Арнасы»-на қатысты, «Атырау Су арнасы»-на тексеріс мүдделі орындардың мамандары тартылып, қазіргі таңда су сынамалары алынды.

Қазір өлі балықтарды жинаумен еріктілер айналысуда. Мамандар бұл жолы су жәндіктерінің қанша көлемде қырылғандығын нақты айта алмай отыр. Естеріңізге салсақ, балықтардың қырылуына себеп болуы мүмкін делінген өзге үш мекеме: «Атырау Жылу электр орталығы», «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру» және «Атырау бекіре балық өсіру» зауыттарына қатысты тексерістер енді басталады. Ал, осы уақытқа дейін орын алған деректер бойынша тексеріс қорытындысы желтоқсанның 28-і күні белгілі болмақ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде