jasqazaq.kz

Атырауда шетелдік компаниялар жүгенсіздігін тоқтатар емес

30 қыркүйек 2019, 11:17

Мәселен, лауазымды қызметтегі экспат күніне 400 долларға дейін алса, дәл соны алмастыратын қазақстандық жұмысшыға күніне 40 мың теңге төленген.
Атырауда шетелдік компаниялар жүгенсіздігін тоқтатар емес. Әлі күнге қазақстандық жұмысшы шетелдік қызметкерге қарағанда 4 есе кем жалақы алады. Бұл туралы аймақтағы еңбек инспекциясының тексеріс жұмыстары барысында белгілі болды

Мәселен, лауазымды қызметтегі экспат күніне 400 долларға дейін алса, дәл соны алмастыратын қазақстандық жұмысшыға күніне 40 мың теңге төленген. Сондай-ақ «инженер» ретінде рұқсат алған шетелдік маман, белгісіз себептермен «супервайзер» лауазымын атқарып жүргені анықталды.

Игілік ӘУБӘКІРОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

— Сондықтан ондай фактілер бар тиісті нұсқамалар беріледі, әкімшілік іс қозғалады және де рұқсатнамаға сәйкес жұмыс істемеген мамандар рұхсаттары кері қайтарылады.

Мамандар заңды белден басқан шетелдік компаниялардың атын атап, түсін түстемеді. Мұны тексерістің аяқталмауымен түсіндірді. «Алайда жыл соңында қорытындысын жариялаймыз,-дейді.
Естеріңізге салайық, 29 маусымда «Теңізшевроилдың» мердігер компаниясы жұмысшылары арасында қақтығыс орын алды. Сарапшылар бұған жұмыстағы алалаушылық себеп болғанын айтты. Осыдан кейін шетелдік компанияларда тексеріс басталды.

 Zakon.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда