jasqazaq.kz

Атырауда сәбиін жылу құбырының үстіне тастап кеткен ана сотталды

20 мамыр 2020, 12:13

Атырауда сәбиін жылу құбырының үстіне тастап кеткен ана сотталды.

Бұл оқиға Атырауда биылғы қыста болған. Батыс Қазақстан облысының 21 жастағы тұрғыны жаңа туған сәбиін жылу құбырының үстіне тастап кеткен. Қақаған қыста далада қалған сәбидің жылаған даусын көп қабатты үйдің тұрғыны естіп, жедел жәрдем шақырған.

Дәрігерлер жүрек соғысы төмендеген сәбиді аман алып қалды. Ал, полиция қызметкерлері «көкек» ананы 3 күннен соң ұстаған еді. «Сотталушыға ҚР Қылмыстық Кодекстің 119-бабы, 2-бөлігімен (Көмексiз қалдырылған адамның денсаулығына абайсызда ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан қауiптi жағдайда қалдыру) айып тағылды.

Айыпталушы өзінің жасаған әрекетін толық мойындап, процесуалдық келісім жасау жөнінде ұсыныс білдірді. Сот оны кінәлі деп танып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады» -деп Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия