jasqazaq.kz

Атырауда полициядан қашқан жүргізушіге 233 мың теңге айыппұл салынды

02 қараша 2021, 16:47

Атырауда полициядан қашқан 26 жастағы жүргізушіге 7 хаттама толтырылып, 233 мың 330 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 қазан-5 қараша аралығында «Шетел автокөліктері» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. «Аталған іс-шара кезінде патрульдік полиция қызметкерлері Ресей Федерациясында тіркеуде тұрған «Ваз-2115» маркалы автокөлігін тоқтатты. Алайда, 26 жастағы жүргізуші тәртіп сақшыларының талабын орындамай, қашып кеткен. Кейін көлік жүргізушісінің Жұмыскер шағын ауданында жол ережесін бұзғаны анықталды. Тексеру кезінде жүргізушінің бұған салынған 11 айыппұлын төлемегені белгілі болды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Полициядан қашып, жол-көлік оқиғасына ұрынған жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, 233 мың 330 теңге көлемінде айыппұл салынды.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді