jasqazaq.kz

Атырауда полицейлер кәсіпкерді соққыға жыққан (видео)

19 қазан 2018, 11:54

Құрманғазыда екі полицей «Сушняк» кафесінің қожайынын соққыға жықты, деп хабарлады «Ақ Жайық». Басылымның мәліметінше, әлеуметтік желілерде кафе ішінде екі ер адамның үшінші бір адамды соққыға жығып жатқаны түсірілген видео кеңінен тарады.

«Әлгі адам қарсылық көрсетсе де, бірақ күштер тең емес. Роликтегі комментарийлерде бұл Құрманғазы АІІБ бастығының орынбасары Жасұлан Мұқашев және полиция майоры Әміржан Ертаев, олар осы жылдың шілде айында Құрманғазы ауданы орталығындағы «Сушняк» кафесінің қожайыны Нұрсейіт Аруовқа кешкі ас үшін ақы төлеуін талап еткен кезде күш көрсеткен», — жеп жазды басылым.

Атырау облыстық ІІД мамандары видеодағы Құрманғазы АІІБ қызметкері Мұқашев пен Ертаев екенін растады. «Осыдан кейін Аруов полицияға шағымданды. Осы факті бойынша Атырау облыстық ІІД Ішкі қауіпсіздік басқармасы қылмыстық іс қозғады. Іс өндіріспен аяқталып, Құрманғазы аудандық сотына жолданды», — деп хабарлады ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева. Айта кетейік, ол полицейлердің Қылмыстық кодекстің қандай бабы бойынша айыпталып отырғанын нақтыламаған. «Осы факті бойынша қызметтік тергеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша екі қызметкер ішкі істер органдарынан шығарылды», — деді ол. Кейін Құрманғазы аудандық соты полиция майоры Ертаевқа қатысты ҚР ҚК 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа қылмыстық істің түскенін хабарлаған.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді