jasqazaq.kz

Атырауда полицейден қашқан ұры қоқыс контейнерінде жасырынған (Видео)

06 желтоқсан 2022, 12:09

Атырауда көлік ұрлаған ер адам полицейлерден қашып бара жатып, қоқыс контейнеріне жасырынған, деп хабарлайды Polisia.kz.

«5 желтоқсан күні, шамамен сағат 20:00-де 49 жастағы әйел «102» арнасына хабарласып, бес минут бұрын үйінің алдында оталып тұрған Nissan Almera автокөлігін белгісіз адам айдап әкеткенін айтты. Аталған хабарлама бойынша тәртіп сақшылары «Сергек» видеобақылау жүйесі арқылы автокөліктің Алиев көпіріне бағыт алып бара жатқанын анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама береді.

Оқиға орнына жедел жеткен Батыс-15 қызметкерлері көлікті Махамбет – Сатыбалдиев көшелерінің қиылысында тоқтатқан кезде күдікті полиция қызметкерлеріне бағынбай, автокөлікпен қашып жөнелді. Бұнымен қоса, күдікті жол ережесін өрескел бұзып, қарсы бағытқа шығып, жол-көлік апатын жасады», — деді полициядан.

Ер адам бұдан әрі көлікті тастай сала қашып, жақын маңдағы қоқыс жәшігіне тығылған. Ұсынылған видео кадрында көрініп тұрғандай, ұры контейнерге секіріп кіру кезінде маңайында жолшыбай адамдар жүргенін елемеген.

«Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Тексеру барысында 34 жастағы азамат «көлік ұрысы» және «қалта ұрысы» ретінде тізімде тұрғаны анықталды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылып, ұсталған азамат жедел-тергеу тобына тапсырылды», — деп нақтылады полициядан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде