jasqazaq.kz

Атырауда өзінің сіңлісін жезөкшелікке мәжбүрлеген күдікті ұсталды

18 қыркүйек 2023, 14:19

Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері өзінің 1998 жылы туған сіңлісін жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген Өзбекстан Республикасының тумасын анықтады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингіде ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.

«Бастапқы тексеру іс-шаралары барысында 2021 жылдың мамыр айында күдікті жәбірленушіні Ташкент қаласынан Шымкент қаласына, содан кейін Атырау қаласына алып келіп, азық-түлік дүкенінде сатушы болуды ұсынғаны анықталды. Бірақ келгеннен кейін құжаттарын алып, физикалық күш көрсеткен және оны жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», — деді ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Осыған ұқсас факті Ақтөбе облысында да анықталды. Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, бопсалау арқылы 17 жастағы колледж студентін жарты жыл бойы жезөкшелікпен айналысуға тартқан 2004 жылғы ақтөбелік ұсталған.

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 134-бабы (Кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп мәлім етті ведомствоның өкілі.

22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық
11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды