jasqazaq.kz

Атырауда өзен вокзалы салынады

05 сәуiр 2018, 12:32

Әкімдік жылы маусымда өзен трамвайлары жүретін екі айлақты бөліп берді.

Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов жергілікті кәсіпкерлер мен тауар өндірушілермен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлады Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі. Қазіргі уақытта жоба әзірленуде.

«Қазіргі таңда әкімдік жылу маусымында өзен трамвайлары жүретін екі айлақты бөліп берді. Біз сіздің рұқсатыңызбен осы аумақты тазалап, көгалдандырып, онда гүлдер өсіріп, орындықтар қойсақ деп едік», – деп әкімге ұсынысын білдірді «Амангелді» ЖШС директоры Сәбит Сағидуллин.

Бұл сауалға Серік Шапкенов оң жауабын берді.

«Атырауда өзен вокзалын салғымыз келеді, оның жобасы әзірленуде. Ол мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жүзеге асырылатын болады. Жоба бойынша, қайда және қалай орнату керектігін де айта аламыз. Егер сіз аумақты қабылдауға дайын болсаңыз, оны көгалдандырып, өсіріп, баптаңыз және жаңа жұмыс орындарын ашыңыз – бұл керемет, біз сізге осы мүмкіндікті береміз», – деді қала әкімі.

Жайық – Еуропа мен Азия арасында ағып жатқан бірегей өзен, ол Атырау қаласының көркі саналады, ал өзен вокзалы Қазақстанның мұнайлы астанасына туристерді тартудың қосымша мүмкіндігі болмақ.

bnews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық