jasqazaq.kz

Атырауда өзбекстандық әйел нашақорлар притонын ұйымдастырған

01 шiлде 2022, 11:54

Атырауда өзбекстандық әйел нашақорлар притонын ұйымдастырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

«Қарасора» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы кезінде ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Атырауда жалдамалы пәтерін есірткі притонына (бұл ғана емес) айналдырған өзбекстандық 24 жастағы әйелді ұстады.

Тінту кезінде альфа-ПВП синтетикалық есірткі мен кептірілген марихуана табылды. Жедел қызметкерлер нашақорлардың пәтерге келіп, бірі «тауарды» сатып алып кетсе, енді бірінің сол жерде бірге қолданатынын анықтады. Бұдан басқа, притонда интимдік қызметтер де көрсетілген.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі («Есірткі заттарын аса ірі көлемде заңсыз пайдалану») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде