jasqazaq.kz

Атырауда «мұздатқыштағы шақалақ» ісінде жаңа жайттар белгілі болды (видео)

10 қараша 2020, 22:24

Шақалақтың мәйіті алмастырылған болуы мүмкін. Атырауда өтіп жатқан аты шулы дәрігерлер ісіне қатысты бүгінгі сот отырысында, айыпталушының адвокаты осындай мәлімдеме жасады. Оның бұлай деуіне бірнеше дәлелдеме негіз болған. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.

Мәселен Батыс Қазақстан облысындағы сот-медициналық сараптама институты жасаған қорытындыда: «нәрестенің денесін 11-інші қазанда алып кетті» деп көрсеткен. Алайда қылмыстық іс материалында шақалақты сараптамадан соң 30-ыншы қыркүйекте Атырауға жеткізіліп, сол күні ата-анасына табысталғаны жазылған. Адвокат бұдан өзге шақалақ мәйіті көрсетілген цифрлар, қылмыстық іс материалындағы нөмірмен сәйкес келмегенін анықтаған. Екінші мәрте Қарағандыда жасалған сараптамалық зерттеуде күмән туғызыпты. Арнамызға эксклюзивті сұхбат берген басты айыпталушы Қуаныш Нысанбаевта осыны айтып отыр.

Қуаныш НЫСАНБАЕВ, АЙЫПТАЛУШЫ:

Сонда қалай? Кімнің баласын зерттедік? Маған тағылып отырған 14 эпизод бар. 14 эпизодтың ешқайсысымен жауаптау, менің ойымды, менің түсініктемемді алған жоқ. Осы жерде қаншама куәлар жауапталды. Ол жерде анықталды. Ол жерде қысымшылық көрсетіліп, арызды өз еркімен емес солардың айтуымен берілгені анықталды.

Естеріңізге салайық, жаға ұстатарлық бұл жағдай былтыр қыркүйекте жария болды. Атырау перинаталдық орталықтың 35 жастағы экс-басшысы тірі туған шақалақты мұздатқышқа салды деген күдікке ілінді. Тергеу кезінде Қылмыстық Кодекстің 8 бірдей бабымен айып тағылды. Айыпталушы орындығында, бұрыңғы басшыдан бөлек, оның қарамағында жұмыс істеген тағы 4 қызметкері отыр.

astanatv.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия