jasqazaq.kz

Атырауда мемлекеттік туды теріс іліп қойған (Видео)

01 маусым 2021, 15:28

Атырауда мемлекеттік туға қатысты тағы бір келеңсіз жағдай болды. Бұл жолы туды теріс іліп қойған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қалалық әкімдік өкілдерінің айтуынша, теріс ілінген ту 10-15 метр биікте ғана байқалған.

«Туды ілу кезінде оның жоғарғы жағын анықтау бойынша қиындық туды. Сенбі күні сағат 19.00 шамасы туды 10-15 метр биікке көтергенде теріс екені байқалды. Туды түсіріп қайта ілді. Бұл бірнеше минутқа созылды. Желіде тараған видеода тудың енді ілініп жатқаны көрініп тұр», — деді әкімдік өкілдері.

Сонымен қатар, қалалық әкімдік бұл 2020 жылғы желтоқсанынан бергі мемлекеттік тумен болған алғашқы келеңсіз жағдай екенін ескеруді сұрады.

Айта кетейік, 1 қаңтарда Атырау қаласының тұрғындары өңірдегі басты мемлкеттік ту жоғалғанын хабарлаған болатын. Қала тұрғындары суретті әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге таратқан еді. Олар қатты жел салдарынан ту құлап, ұшып кетуі мүмкін деп болжады. Бірақ кейінірек әкімдік қатты жел мен дауыл болғандықтан мемлекеттік туды алып тастауды ұйғарғаны белгілі болды.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді