jasqazaq.kz

Атырауда күйеуі әйелінің жон арқасына пышақ сұғып алды

23 тамыз 2021, 16:18

Атырауда күйеуі баласының көзінше әйелінің арқасына пышақ сұғып алды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол бұған дейін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

12 сәуірде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігі, «Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттер» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Іс әкімшілік сотта қаралды. Алайда ерлі-зайыптылар сотта татуласып, іс орта жолдан жабылды. Биылғы жылдың 24 шілдесінде әйел күйеуінің қоқан-лоқы көрсеткеніне шағымданған. Жәбірленушінің арызы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы, «Қорқыту» бойынша іс қозғалды. Бұл азамат әйелінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіргені үшін сотпен үш күнге қамауға алынды, деп хабарлайды облыстық ПД-ға сілтеме жасап, «Мой город».
ҚР Қылмыстық кодексінің 115 -бабы бойынша тіркелген қылмыстық іс сотқа жіберіледі

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 30 жастағы әйелдің ауруханаға 22 тамыз күні кешке кеуде тұсына сұғылған пышақ жарақатымен келіп түскенін хабарлады.

zakon.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия