jasqazaq.kz

Атырауда көпірден секірген жүкті әйелдің 4 қабырғасы сынған

07 желтоқсан 2021, 14:46

Атырауда көпірден секірген жүкті әйелдің 4 қабырғасы сынған. Ауруханаға түскен науқасқа дәрігерлер мен психолог көмек көрсетіп жатыр.

Бүгін Атырауда көпірден секіріп кеткен жүкті әйел құтқарылған болатын. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 7 желтоқсан сағат 9:20 шамасында жедел басқару орталығының инспекторы бейнебақылау камералары арқылы Атырау қаласындағы «Тұрғын үй қалашығы – Авангард» шағынаудандарын жалғайтын жаяу жүргіншілер көпірінде күдік тудырған әйелді көрген.

«Инспекторлар бұл туралы жақын маңдағы патруль полиция қызметкерлеріне хабар берген. Патрульдік полиция батальонының рота командирі, полиция капитаны Алмас Закариев жаяу жүргіншілер көпіріне барып, секірмек болған азаматшаны райынан қайтарғысы келген. Бірақ, жүкті әйел полиция қызметкерімен әңгімелеспей, секіріп кеткен. Алайда, оқиға орнына дер кезінде қайықпен жеткен полиция департаментінің қызметкерлері, полиция лейтенанты Жандарбек Жаңбырбаев пен полиция сержанты Айбат Жаубаев көпірден секірген әйелді құтқарып қалды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде