jasqazaq.kz

Атырауда көпбалалы ана 31 жыл құжатсыз өмір сүрген

04 қазан 2017, 15:45

31 жасқа толған Атырау қаласының тұрғыны Жаңылсын Бақтыгереева жеке куәлік пен төлқұжатын енді алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаңылсынды кішкентай кезінде анасы тастап кеткен. Оны әкесі мен әжесі өсірген. Олар өмірден озғанда Жаңылсын 16 жаста еді. Құжаттарының бар-жоқтығына қарамастан, ол Атырауға көшіп кеткен. Оның отбасы, алты баласы бар. Соңғы жылдарда ол құжаттарын алуға талпынғанымен, ала алмаған», — деді «Нұр Отан» партиясының Атыраудағы филиалының қоғамдық қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі Гүлнара Шантемірова.

Оның құжаттарын ала алмауына туу туралы куәлігінің жоқ болуы себеп болып келген.

Ол «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына келгенімен, бұл жерден көмек болатынына аса сеніңкіремеген.

«Біз Ақтөбе облысының әділет департаментіне сұрату жолдадық. Алайда, ондағылар Ойыл ауданында мұндай адамның есепте жоқ екенін айтты. Департаментке қоңырау шалып, ақтөбелік қызметкерлерден бір ауданның ғана емес, бүкіл облыс бойынша мұрағат құжаттарын қарап шығуын сұрадық. Нәтижесінде 1986 жылы туған Бақтыгереева Жаңылсын Ақтөбе облысы Субар ауданында тіркелген деген жауап алдық», — деді Г.Шантемірова.

31 жыл құжатсыз өмір сүріп келген әйел қажетті қағаздардың барлығын жинап ХҚО-ына өткізді. Таяу күндері ол жеке куәлігін алады. Ал, құжаты арқылы Қазақстан Республикасының азаматы мәртебесіне ие болып, балаларының жәрдемақысын ала алады.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде