jasqazaq.kz

Атырауда көлікке құятын газ тапшылығы туындады

03 наурыз 2021, 9:40

Атырау облысында көлікке құятын сұйытылған газ тапшылығы туындады.

Осыған орай облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов жедел кеңес өткізіп, автокөліктерге қажет сұйытылған газ тапшылығының туындауына жауапты тұлғалардың салғырттығы мен шабандығын қатаң сынға алды. «Жауапты басқарма басшылары мәселені дер кезінде шешпей, ушығуына жол беріп отыр. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС мен салалық Энергетика министрлігімен тығыз байланыс жасап, мәселені созбай реттегенде мұндай жағдай болмас еді. Осы олқылыққа тікелей жауапты тұлғаларға қызметтік шара қолданылады» — деді Махамбет Досмұхамбетов. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасысы басшысының орынбасары Данияр Мұқышевтың мәліметінше, Энергетика министрлігінің жоспарына сәйкес, ақпанда наурыз айы үшін облысқа қажетті 4600 тонна сұйытылған газ беру туралы кесте жіберілген. Алайда «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты тиісті сұйытылған газды бере алмаған. Қазір өзге компаниялардан наурыз айына қажетті 4500 тонна тонна газды сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыста сұйытылған газмен жүретін автокөліктер тәулігіне шамамен 150 тонна газ тұтынады. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов сұйытылған газ тапшылығы реттелгенге дейін мәселені бақылауда ұстауды тапсырды.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия