jasqazaq.kz

Атырауда көлігіне жалған нөмір таққан 24 жүргізуші жазаланды

10 желтоқсан 2020, 11:42

Атырау облысында көлігіне жалған мемлекеттік нөмір таққан 24 жүргізуші жазаланды.

Облыстың патрульдік полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты, соның ішінде мемлекеттік тіркеу белгілері жалған, қолдан жасалған көліктерді анықтау іс-шарасын жүргізуде. Патрульдік полиция батальонының командирі Нұрлан Сарсенбаевтың мәліметінше, жыл басынан бері жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрімен, сондай-ақ, мемлекеттiк тiркеу нөмiр белгiлерiнің түрін өзгертетін, жасыратын құрылғылар мен материалдармен жабдықталған көлiк құралдарын басқарған 24 жүргізуші анықталған. Олардың бәрі жауапкершілікке тартылған.

«Мәселен, жақында Геолог шағын ауданында Ресей Федерациясынан әкелінген «Toyota Camry» автокөлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде көліктің мемлекеттік нөмірі жалған екені анықталды. Көлікті басқарған 24 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 590-бабының 4-бөлімімен (Көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бергілері бар көлік құралын басқарған) әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданды. Жақында сот шешімімен бұл азамат 1 жыл мерзімге жүргізуші құқығынан айырылды. Сондай-ақ, бұл баптың санкциясында 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу да көзделген», — дейді патрульдік полиция батальонының командирі Нұрлан Сарсенбаев.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия