jasqazaq.kz

Атырауда қырылған бекірені өртеп жатыр (видео)

20 ақпан 2019, 14:43

Атырауда қырылып қалған бекіре өртелді. Осылайша «Луговой жылқы зауыты» 101 тоннадан астам балықтың көзін жоймақ.

Зауыт мамандары жиналған балықты Жайық өзені арқылы жағаға шығарады. Өлексенің 90 пайызы жануарлар мен медициналық қалдықтарды өртейтін крематорияның 4 пешінде күніне екі мезгіл өртеп жатқандарын айтты. Осылайша бар-жоғы он шақты күнде бағалы балық күлге айналады.

Руслан ДУСАЛИЕВ, «ЛУГОВОЙ ЖЫЛҚЫ ЗАУЫТЫ» ЖШС БАС БАЛЫҚ ӨСІРУШІСІ:

Балықтардың 90 пайызы тасымалданды. Күніне 4 рет апарамыз. Әр рейсте көп дегенде 20 қапшық сияды. Жою жұмыстары комиссия мүшелерінің көзінше жүргізіліп жатыр.

Әділет ҚАЙЫРОВ, «AG DISINFECTSON SERVICES» ЖШС МЕНЕДЖЕРІ:

Күніне 8 тоннадай жағамыз. Екі ауысымды. Күндіз-түні. Осы 4 пеш көріп тұрғаныңыздай, төртеуі де жанады. Бұл биологиялық қалдық. Түтіні ешқандай зиян емес. Кәдімгідей ауға ұшып кетеді, адамға зиянын келтірмей.

Естеріңізге салайық, Атырауда желтоқсанның басынан бастап Жайық өзенінде балықтардың жаппай қырылу дерегі тіркелген. Кейін бекіре өсіру зауыттарында да бекіренің уланып өлгені белгілі болды. Табиғи апатқа байланысты екі қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатыр. Алайда, арада үш ай өтсе де кінәліні әлі тапқан жоқ.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық