
Атырауда тонау және қарақшылықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.
Полициядағылардың мәліметінше, күзет фирмасының қызметшілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. «Барлығы — 5 күдікті. Олар Өзбекстан Респуликасының екі азаматынан ұялы телефондары мен ақшасын тартып алған. 18-24 жас аралығындағы күдіктілердің екеуі қаладағы күзет фирмаларының бірінде жұмыс істейтіні анықталды. ҚР ҚПК-тің 201-бабына сәйкес, қылмыстық іс бойынша өзге ақпараттар жариялауға жатпайды», — деп хабарлады Полиция департаментіндегілер. Ведомство мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.