jasqazaq.kz

Атырауда қаңғыбас иттер оқушы қызды талап тастаған

14 желтоқсан 2021, 17:30

Атырауда оқушы қызға төрт қаңғыбас ит шабуыл жасады. Облыстық балалар ауруханасына 2008 жылы туған қыз ауыр халде түсті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 13 желтоқсанда сағат 19.50-де болған. Дәрігерлер мәліметінше, 13 жастағы қыздың сол жақ жауырын аймағында, бетінде, сол жақ маңдайында жарақатар, тіс іздері бар.

«Иттер қыздың екі иығын, білегін, қолын, екі жамбасын және аяғын тістеп тастаған. Жағдайы қиын, қыз жансақтау бөлімінде жатыр», — деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.

2021 жылдың 11 айында облыстық балалар ауруханасына осыған ұқсас жағдаймен 380 бала жүгінгені айтылды. Оның ішінде қаңғыбас иттер тістеп алған — 152, үй иттері — 183, қаңғыбас мысықтар — 15, үй мысықтары тістеген 23 жағай тіркелген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде