jasqazaq.kz

Атырауда қабаған ит талаған баланың жағдайы қалай?

20 қараша 2020, 14:25

Атырауда қабаған ит талаған екі жасар бала ауруханада ем алып жатыр. Дәрігерлер баланың жағдайы орташа деңгейде екенін айтты.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 18 қарашада сағат 16:51-де «102» пультіне «Жұлдыз-2» шағын ауданының тұрғыны кішкентай баланы ит талап кеткенін хабарлаған.

«Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері екі жасар баланың басы мен қолы жараланғанын анықтады. Кішкентай бүлдіршін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Баланы тістеген итке іздеу салынып, сол шағын аудандағы өндірістік базалардың бірінің аумағынан ұсталды. Иттің иесі Атырау қаласының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 408-бабының 2-бөлігі (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелерін, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелерін бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Облыстық балалар ауруханасының дәрігер-травматологы Жақсылық Мағзомовтың айтуынша, жарақат алған бала ем алып жатыр. Қасында анасы бар.

«Сәрсенбі күні ауруханаға жеткізілген балаға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ит тістегеннен қалған жараға хирургиялық өңдеу жасалды. Бала басы мен қолынан орташа деңгейде жарақат алған. Қазір бала травматология бөлімінде жан-жақты ем алып жатыр», — деді дәрігер-травматолог Жақсылық Мағзомов.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде